ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Президентінің Жолдауы
ҚР Президентінің Ресми сайты
Қазақстан-2050 Мәңгілік Ел
«Денсаулық» 2016-2020 жылдар

uzalmaty

call center

 

Алматы қаласы әкімдігінің

2016 жылғы «15»_тамыз_

№_3/388_ қаулысымен бекітілген

 

 

 

«Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

 

1. Жалпы ережелер

1. «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің                      2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелген) бұйрығымен бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - стандарт) сәйкес Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының денсаулық сақтау ұйымдарымен (бұдан әрі – қызметті беруші) көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштерді қабылдау және нәтижесін беру:

1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

2) көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі:

Мемлекеттік корпорацияда – диспансерлік есепте тұруы/тұрмауы туралы анықтаманы беру;

денсаулық сақтау ұйымдарында – диспансерлік есепте тұруы/тұрмауы туралы анықтаманы беру.

Нарколог-дәрігер мен медициналық тіркеуші қол қойған және анықтаманы берген дәрігердің және көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен расталған, мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2 қосымшаға сәйкес «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсетуді тіркеу журналында анықтаманы тіркей отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтама беріледі.      

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) мен көрсетілетін қызметті берушінің іс-қимылдарының тәртібінің сипаттамасы

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету бойынша рәсімдерді (әрекеттерді) бастауға негіздеме болып стандарттың 9 тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының өтініші мен мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттары (бұдан әрі - құжаттар ) болып табылады.

5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (әрекеттердің) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:

1) медициналық тіркеуші қызметті алушының құжаттарын қабылдап, бекітілген халықтың тіркеліміне сәйкес қызметті берушінің қызмет көрсету ауданына бекітілуін тексеріп, стандарттың 2 қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуді тіркеу журналында тіркегеннен соң, стандарттың 1 қосымшасына сәйкес анықтама қағазына өз қолын қояды және дәрігер-наркологқа жолдайды – орындау уақыты 15 (он бес) минут;

2) дәрігер-нарколог медициналық тексеру жүргізеді, анықтама қағазын қолы және жеке мөрімен куәландырады – орындау уақыты 2 (екі) сағат;

3) қызметті берушінің басшылығы дәрігер-нарколог пен медициналық тіркеушінің қойылған қолы бойынша бірдейлендіру жасап, осыдан кейін қызметті берушінің басшылығы қолы мен қызметті берушінің мөрімен куәландырылған анықтаманы ұсынады– орындау уақыты 15 (он бес) минут.

6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету бойынша рәсімнің (әрекеттің) нәтижесі мынадай рәсімді (әрекетті) орындауды бастау үшін негіз болады:

1) медициналық тіркеушінің анықтама қағазын беруі;

2) дәрігер-наркологтың анықтама қағазына қол қойып, жеке мөрімен куәландыруы;

3) қызметті беруші басшылығының анықтамаға қол қоюы мен қызметті беруші мөрін қоюы.

3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы

7. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету процесіне қатысатын қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1) медициналық тіркеуші;

2) дәрігер-нарколог;

3) қызметті берушінің басшылығы.

8. Қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелері арасындағы рәсімдердің (әрекеттердің) сыбықтастығының сипаттамасы:

1) медициналық тіркеуші қызметті алушының құжаттарын қабылдап, бекітілген халықтың тіркеліміне сәйкес қызметті берушінің қызмет көрсету ауданына бекітілуін тексеріп, стандарттың 2 қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуді тіркеу журналында тіркеген соң, стандарт                                     1 қосымшасына сәйкес анықтама қағазына өз қолын қояды және дәрігер-наркологқа жолдайды – орындау уақыты 15 (он бес) минут;

2) дәрігер-нарколог медициналық тексеру жүргізеді, анықтама қағазына қолын қояды және жеке мөрімен куәландырады – орындау уақыты 2 (екі) сағат;

3) қызметті беруші басшылығы дәрігер-нарколог пен медициналық тіркеушінің қойылған қолы бойынша бірдейлендіру жасап, осыдан кейін қызметті берушінің басшылығы қолы қойылған және қызметті берушінің мөрімен куәландырылған анықтаманы ұсынады – орындау уақыты 15 (он бес) минут.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде Мемлекеттік корпорация және (немесе) өзге де көрсетілетін қызмет берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

9. Мемлекекттік корпорацияға жүгіну тәртібінің сипаты, көрсетілетін қызметті алушының өтінішін өңдеу ұзақтығы:

1) медициналық тіркеуші қызметті алушының құжаттарын қабылдап, бекітілген халықтың тіркеліміне сәйкес қызметті берушінің қызмет көрсету ауданына бекітілуін тексеріп, стандарттың 2 қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуді тіркеу журналында тіркеген соң стандарт                                   1 қосымшасына сәйкес анықтама қағазына өз қолын қояды және дәрігер-наркологқа жолдайды – орындау уақыты 15 (он бес) минут;

2) дәрігер-нарколог медициналық тексеру жүргізеді, анықтама қағазын қолымен, жеке мөрімен және қызмет беруші мөрімен куәландырады – орындау уақыты 2 (екі) сағат.

10. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің                                 (іс-қимылдардың) реті, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде Мемлекеттік корпорацияменжәне (немесе) өзге көрсетілетін қызмет берушілермен өзара іс-қимылының тәртібі және ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібі осы регламентке қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы Алматы қаласы әкімдігінің http://almaty.gov.kz ресми сайтында және Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының http://almatyzdrav.kz. интернет - ресурсында орналастырылады. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

 

Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет
регламентiне қосымша

«Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің
анықтамалығы А. Қызметті берушіге жүгінгенде

 

«Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің
анықтамалығы Б. Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы

 

 

DamuMed

Комплексная медицинская информационная система