ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Президентінің Жолдауы
ҚР Президентінің Ресми сайты
Қазақстан-2050 Мәңгілік Ел
«Денсаулық» 2016-2020 жылдар

uzalmaty

call center

proverкз.jpg

Құрметті ата-аналар!

Қазіргі кезде жас ұрпақ арасында нашақорлық пен уытқұмарлық мәселесі күннен-күнге өршіп келе жатқандығына Сіздердің назарларыңызды аударғымыз келеді. 

Өз балаңызды жағымды әдеттерден сақтағыңыз келе ме? Онда біздің беретін бірер кеңесімізді оқыңыз:

Себептердің бірі – қызығушылық, өзіне беймәлім әсер алғысы келу болса, екіншісі – белгілі бір топқа қосылу. «Ұмыту» және өмірден рахат алу сезімі жасөспірімді нашақорлыққа жиі итермелейді. Ата-аналар көбіне баласының есірткі және уытты заттарды пайдаланатындығын кенеттен және кеш байқайды, дегенмен баланың мінез-құлқындағы өзгерістерді ертерек байқауға әбден болады. Жасөспірім тұйықталып, ата-анасынан өзін аулақ ұстауға тырысады. Телефонмен құпия әңгімелер айта бастайды. Оқуға бәсеңдеп, ашуланшақ бола бастайды. Мінез-құлқы тез өзгереді. Көңілсіз, енжар және интеллектуалдық дамуы тежеледі. Киімінің қалталарынан банкалар, шприцтер, инелер, таблеткалар табылады. Жасөспірімнің қаржы шығыны көбейіп, үйден заттар жоғала бастайды.

Сіздің осылардан сақтанғаныңыз жөн!!!!

Сіз ПБЗ қабылдайтын баланың мінез – құлқындағы пайда болатын өзгерістермен таныса аласыз:

Белгілері:

- баяу реакция, ұйқышылдық, түсініксіз сөйлеу, селқостық, еңбекке деген ынтасының төмендеуі немесе шамадан тыс белсенділік таныту, координацияның нашарлауы, ашушаңдық, көз жанарының үлкеюі немесе керісінше кішіреюі, тәбетінің артуы, елестер көре бастауы, өзіне көңілі толып, жеңілместей сезінуі.

Сыртқы белгілері:

- темекі иісі(түтіні), қалталарында сіріңке, тұтатқыш, шылым ұнтағының, желім құтыларының, папирос қағазының,ақ кристалл ұнтақтың, шыны ыдыстарда немесе полиэтилен пакеттерде кішірек тас тәріздес үзімдердің болуы, тері асты инъекциясына арналған шприцтер мен инелердің, күйдірілген бөтелке қақпағы немесе күйдірілген қасықтың, шырақтың, ұстара жүзінің болуы, саусақтарының сарғаюы, мас адамның кейпі, көздерінің астындағы қызарған ісіктер, жанған жапырақтардың қатты иісі, киім қыртыстары мен қалта тігістерінде ұсақ дәндердің болуы, саусақ терісінің түссізденуі сақтануды қажет етеді.

Асығыс шешім қабылдамай тұрып, алдымен мамандармен (наркологпен, психотерапевтпен, психологпен) бірлесе отырып, профилактикалық іс-шаралар жүргізген дұрыс.

Қалалық наркологиялық медициналық-әлеуметтік түзету орталығының сенім телефоны
382-34-19

Наркологтың, психотерапевтің, психологтың консультациясын Сіз Мақатаев көшесі, 10-үй , 1-қабаттағы емханалық бөлімшенің №2, 10,11-  кабинеттерінен ала аласыз.

DamuMed

Комплексная медицинская информационная система